About school » Страница 83 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
Education Department of Semey district
Reception room:
+7 (7222) 54-12-92
Version for
visually impaired

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

“Сұраулы сөйлем” тақырыбында ашық сабақ өтті
24
November
2022
“Сұраулы сөйлем” тақырыбында ашық сабақ өтті
2 ”Б” сыныбында қазақ тілі пәнінен “Сұраулы сөйлем” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Божканова Лаура Бейбітқалиқызы. Сабақта әр түрлі әдіс- тәсілдер қолданылды. Атап айтар болсақ, өткен тақырыпты қайталауда ”Көңілді барабан” арқылы басталса, жаңа сабақ "Анаграмма" арқылы тақырып ашылды. Ойындар Wordwall платформасын қолдана отырып орындалды. Тапсырмалар оқушы қызығушылықтарын арттырса, “Лайк жинау” арқылы бағалау оқушыларды сабаққа белсендіруге өте ұтымды тәсіл болды."Ойлан, топтас",
ЖАС ҚАЛАМГЕР эрудит марафоны өтті.
23
November
2022
ЖАС ҚАЛАМГЕР эрудит марафоны өтті.
Бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 4- сынып оқушыларының арасында ЖАС ҚАЛАМГЕР эрудит марафоны өтті. Мақсаты: тыңдалған мәтінді байланыстырып жазу, оқиға желісін нақты баяндап, сауатты жазу дағдыларын байқау. Берілген "Құмырсқалар" мәтіні оқушыларға ұнады. Өз қызығушылықтарын таныта отырып, мәтінді талдау сұрақтарына жауап беріп, өз белсенділіктерін көрсетті. Эрудит марафоны барысында балалардың оқуға құштарлығы байқалды. Ұйымдастырушы: Нугымарова Г.Р., Казангапова А.К.
Ә ә дыбысы мен әрпі" тақырыбында ашық сабақ өтті
23
November
2022
Ә ә дыбысы мен әрпі" тақырыбында ашық сабақ өтті
Бастауыш сынып мұғалімі Ихсанғалиева Мадина Құмарбеқызы 1 "Г"  сыныбында  Әліппе пәнінен "Ә ә дыбысы мен әрпі" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Атап айтсақ, "Шыбын ұрғыш", "Шашылған сөздер" әдістері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырды. Нейрожаттығу жасату арқылы зейіндерін оятты. Сабақты "Доп" әдісі арқылы қорытындылап, сұрақ-жауап жүргізді. "Білім гүлі" әдісі бойынша кері байланыс жасалды. Ұстаз өз біліктілігімен, шеберлігімен 
10 санынан азайту” тақырыбында ашық сабақ өтті
23
November
2022
10 санынан азайту” тақырыбында ашық сабақ өтті
1”В” сыныбында математика пәнінен “10 санынан азайту” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Кутешова Жадыра Серікқалиқызы. Сабақта әр түрлі әдіс- тәсілдер қолданылды. Сабақты дене тәрбиесімен байланыстыра отырып , “Эстафета” ойыны арқылы жылдамдықтарын арттырса, “Кір тасын көтеру” тапсырмасын орындату арқылы ұл балалардың сан құрамын білуге деген құлшыныстарын арттырды. Сонымен қатар, мұғалім өз сабағына БЖС технологиясының элементтерін қолданды.

"Мың бір мақал..." ойыны
23
November
2022
"Мың бір мақал..." ойыны
"Білім - сиқырлы әлем" атты бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігінде үзіліс кезінде оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту мақсатында "Мың бір мақал..." ойыны ұйымдастырылды. Ойынға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

Бастауыш сыныптар онкүндігінің ашылуына арналған лездеме өткізілді
21
November
2022
Бастауыш сыныптар онкүндігінің ашылуына арналған лездеме өткізілді
Бастауыш   сыныптар   он күндігінің   ашылуына   арналған   лездеме  өткізілді. Оқушылар онкүндік жоспарымен танысты. Әндер айтылып, билер биленді. ​https://youtube.com/shorts/LX2-CPoHsn0?feature=share​​​
«Тілектер тамшысы»
21
November
2022
«Тілектер тамшысы»
Бастауыш әдістемелік бірлестігінің он күндігі « Тілектер тамшысы » -мен басталды. Қатысушылар тамшыдағы тілектерді оқып, өз тілектерін жолдады. Ұстаздар ұсынған тәттілерден дәм татты. https://youtube.com/shorts/BshAwyMeo78?feature=share
«Білім – сиқырлы әлем» атты бастауыш әдістемелік бірлестігінің онкүндігі
21
November
2022
«Білім – сиқырлы әлем» атты бастауыш әдістемелік бірлестігінің
« Білім – сиқырлы әлем »  атты бастауыш әдістемелік бірлестігінің онкүндігі басталды. Онкүндік аясында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, үзіліс кезінде ойналатын ойындар жоспарланды
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее