3 "Б" сыныбында ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтар ZOOM
Сынып ата-аналары оқушылардың сабаққа уақытылы қосылуын қадағалап, мүмкіндік жасап отыр. Бұл сыныпта өткен математика сабағына оқушылар қызығушылықпен қатысты. Пән мұғалімі әдіс-тәсілдер, ойын түрлерін пайдаланып, оқушыларының пәнге деген қызығушылықтарын арттыра білді. "Сиқырлы сандар сөйлесін" ойыны арқылы өтілген материалдар пысықталды. Оқушылар өзіндік бағалауды сMayлик арқылы жасады. Сабақ соңында "Бағдаршам" әдісі арқылы кері байланыс жасалды. Пән мұғалімі: Сарсембинова М.К.