Табиғат. Су. Суды үнемдеу жолдары. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
Education Department of Semey district
Reception room:
+7 (7222) 54-12-92
Version for
visually impaired

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Табиғат. Су. Суды үнемдеу жолдары.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

10
November
2020

Табиғат. Су. Суды үнемдеу жолдары.

Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Сусыз өмірімізді елестетудің өзі қорқынышты. Су - тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Су табиғаттағы ең көп тараған зат. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр.
Мамандардың есебіне сүйенсек, бір адам тәулігіне 500 литрге дейін су жұмсайды екен. Сонда 320 мыңнан астам тұрғыны бар қаламызда  тәулігіне қанша текше метр су жұмсалатынын пайымдап көріңіз.
Күнделікті өмірде суды үнемдеу үшін төмендегідей ережелерді сақтауымыз керек: 
- қажетсіз суды босқа ағызбау;
- ыдысты жабық раквинада жуу; 
-кір жуған кезде кір жуғыш машинаны толық толтыру;
- ыдысты қолмен жуған кезде ыдыс жууға арналған құралды аз қолданғанымыз жөн. Осылайша таза суға салғанда су аз кетеді. Жуылған табақтарды шүмектің астында жинағаннан кейін таза сумен шайған суды үнемдейді.
Тұрмыста қолданылатын қарапайым үнемдеу әдістері арқылы судың қорғалуына көмектесуге болады. Суды қорғау өмірді қорғау деген сөз. Суды үнемдеуді өзімізден бастайық!

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее