«Энергияны үнемдеу – экологияны қорғау» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
Education Department of Semey district
Reception room:
+7 (7222) 54-12-92
Version for
visually impaired

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Энергияны үнемдеу – экологияны қорғау» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

24
November
2025

«Энергияны үнемдеу – экологияны қорғау» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Әділдік және Жауапкершілік» айына арналған 4-апталық жоспарына сәйкес, Халықаралық энергия үнемдеу күніне орай, 4–8 сыныптар арасында «Энергияны үнемдеу – экологияны қорғау» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарының басты мақсаты – оқушыларға энергияны тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру, табиғи ресурстардың шектеулі екенін түсіндіру және экологиялық жауапкершіліктің маңызын ұғындыру болды.Тәрбие сағаты барысында сынып жетекшілер  энергия үнемдеудің қарапайым да тиімді тәсілдері туралы түсіндіріп, күнделікті өмірде жарықты, суды, жылуды үнемдеудің экологияға әсерін мысалдар арқылы көрсетті. Оқушылар электр қуатын артық жұмсаудың қоршаған ортаға келтіретін зияны, жаңартылатын энергия көздері және экологиялық қауіпсіздік туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, оқушылар топтық талқылауға белсенді қатысып, энергияны үнемдеу жолдары бойынша өз пікірлерін ортаға салды.








Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее