Бүгін біз ұжым болып, «Сәкен» көркем фильмін тамашалап, ерекше әсермен оралдық. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
Education Department of Semey district
Reception room:
+7 (7222) 54-12-92
Version for
visually impaired

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Бүгін біз ұжым болып, «Сәкен» көркем фильмін тамашалап, ерекше әсермен оралдық.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

17
October
2025

Бүгін біз ұжым болып, «Сәкен» көркем фильмін тамашалап, ерекше әсермен оралдық.

Бүгін біз ұжым болып,  «Сәкен» көркем фильмін тамашалап, ерекше әсермен
оралдық. Тарих пен тағдыр тоғысқан, ұлттың ұлы перзенті Сәкен Сейфуллиннің өмір жолын бейнелеген бұл туынды әрбір көрерменнің жүрегіне жол тапты. 
    Фильмде Сәкен Сейфуллиннің, күреске толы ғұмыры, әдеби және саяси қызметі, қайсар мінезі мен ұлтка деген шексіз сүйіспеншілігі шынайы көрсетілген. Актерлердің, шебер ойыны, тарихи атмосфераны дәл берген
декорациялар мен режиссерлік шешімдер - барлығы біртұтас әсер қалдырды. 
Туындыны көре отырып, өткен тарихымызға
көз жүгіртіп, егемен ел болу жолындағы ерен еңбектер мен ауыр сынақтарды тағы бір мәрте еске алдық. Сәкен Сейфуллиннің, өмірі - бүгінгі ұрпаққа үлгі, ұлт рухының символы.
Мұндай тағылымды фильмдер жастардың
патриоттық рухын көтеріп, тарихи санасын
оятуға зор ыкпал етеді.   
 🌟Ұжымымыз атынан
фильм авторларына алғысымызды білдіреміз және көрермен қауымға міндетті түрде көруге кеңес береміз.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее