«Сыңғырла соңғы қоңырау» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
Education Department of Semey district
Reception room:
+7 (7222) 54-12-92
Version for
visually impaired

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

01
June
2023

«Сыңғырла соңғы қоңырау»

Бүгін мектебімізде «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты мерекелік жиын өтті. Биыл алтын ұя мектебімізден   45 түлек түлеп ұшып,  болашаққа жарқын қадамдарын басты. Салтанатты жиынға  Шәкәрім университетінің инженерлік – технологиялық факультетінің  деканы Нұрымхан Гүлнұр Несіптайқызы, Семей қаласы Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Қасымханова Тоты  Мәдениетқызы қатысып, оқушыларға ізгі тілектерін білдірді.Сондай-ақ  кешімізде «алтын белгі»  үміткері Серікқали Арнұрдың  атасы түлектерге ақ  батасын берді. Мерекелік іс-шарамызда қалалық мәдениет үйінің әншісі  Мақсат Рахиев  оқушыларымызға ән шашуын жолдады.
Бүгінгі күн -  ертеңгі тарих. Түлектеріміз осыдан  11 жыл бұрын мектебіміздің  табалдырығын аттаған алғашқы шәкірттер. Міне, «тарыдай» болып мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз бүгінде «таудай» болып, алтын  ұя мектептерімен  қоштасты. Оқушыларымыздың ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас  жүрек  тебірентерлік сәтінде жас түлектерімізге  сәт сапар тілейміз! Білімдеріңізді шыңдап, биікке өрлей беріңіздер.



Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее