Раушангүл гүлшоғын қайта өсіру » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
Education Department of Semey district
Reception room:
+7 (7222) 54-12-92
Version for
visually impaired

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Раушангүл гүлшоғын қайта өсіру

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

12
April
2021

Раушангүл гүлшоғын қайта өсіру

«Аналар күні мерекесіне ұлымныңсыйлаған голландық раушангүлін қурағаннан кейін қоқысқа тастауға қимадым. Гүлшоқтың қураған жапырақтарын қиып алып тастап, тек сабағын қалдырып, бүршік ататын жерінен төмен қиғаштап 5 бұтақтан 10 бұтаққа көбейтіп қидым. Шыны банка түбіне өсімдіктің тамырлануына зор үлесін қосатын «Корневин» қоспасын қосып, жақсылап араластырып, қиылған гүл бұтақтарын суға салып, тамырлануын күттім.  Көктемгі бау – бақша жұмыстары басталған кезде үйдің алдындағы гүлзарды әдемі гүлдермен көркейту менің жылдағы сүйікті істерімнің бірі. Сол гүлзарға тамырланған раушангүл көшеттерін қондырдым. Гүлзарға қымбат бағадағы гүлдердің көшеттерін сатып алып еккеннен, осылай өз қолыңмен көбейту тиімді. Сондай-ақ қаражатты да үнемдейсің»  – деп бастауыш сынып мұғалімі Нугымарова Гульмира Рахымжановна өз тәжірибесімен бөліседі. Мерекеде ұсынылатын гүл шоқтарын қоқысқа лақтырMay, екінші өмір сыйлауға шақырады.







Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее