Қалдықтан әдемілікке » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
Education Department of Semey district
Reception room:
+7 (7222) 54-12-92
Version for
visually impaired

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

05
January
2021

Қалдықтан әдемілікке

Қазіргі уақытта тұрмыс қалдықтарынан түрлі заттар жасау дәстүрге айналды деуге болады. Әдемі заттарды жасау: біріншіден – қалдықты кәдеге жаратып, қоқысты азайтуға септігін тигізсе, екіншіден – қиялыңызды дамытып, шығармашылығыңызды шыңдауға ерік береді. Ал, осы жұмысты балаңызбен бірге жасасаңыз, «Нұр үстіне- нұр» болар еді. Балалар кішкентай кезінен шығармашылыққа жақын болып өссе, үлкейгенде олардан үлкен үміт күтуге болады. Біз тұтынып тастайтын қалдық түрі көп-ақ. Солардың бірі – түйме. Бұрында үлкендер түймелерді жинап, жаңадан тігетін киімдеріне қадап жататын. Қазір еш қажетімізге жаратпаймыз. Ескі киімдерімізбен бірге қоқысқа кетеді, қиып алып қалMayмыз да. Түймелерден әдемі мозаикалар, құттықтау хаттарын, сыйлық кәделер әзірлеуге болады. Алдын ала салынған суретке түймелерді желіммен жапсыруға немесе жіппен тігу арқылы орналастыруға болады. Ол үшін түймелерді түсіне, үйлесімділігіне қарап таңдап алыңыз. Балаларды кіші жастан тұрмыс қалдықтарын кәдеге жаратуға үйреткен және қолөнерді шығармашылықпен жасауға баулыған дұрыс. 

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее