Материалы за February 2022 года » Страница 2 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
Education Department of Semey district
Reception room:
+7 (7222) 54-12-92
Version for
visually impaired

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» Материалы за February 2022 года » Страница 2

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

"Алаш дәстүрі" пікірсайыс турнирі
19
февраль
2022
"Алаш дәстүрі" пікірсайыс турнирі
М.О.Әуезов атындағы  педагогикалық колледждің"Оратор" дебат клубының  ұйымдастырылуымен Алаш қайраткері, ағартушы - педагог, журналист Мәннан Тұрғанбаевтың 135 жылдығына орай, Семей қаласының ЖОББМ оқушыларына арналған  "Алаш дәстүрі"пікірсайыс турнирінде мектебіміздің 8 сынып оқушылары " НОВАТОР"дебат клубының ойыншылары Әскер Нұрай мен Мейірбаева Айдана қатысып,  "Best талпыныс"  номинациясымен марапатталып қайтты
Оқушылардың әлеуметтік желідегі сауаттылығын арттыру мақсатында "Әлеуметтік желілерге жасөспірімнің тәуелділігі" атты онлайн сабақ өтілді.
18
февраль
2022
Оқушылардың әлеуметтік желідегі сауаттылығын арттыру мақсатында
Әлеуметтік желілердің жасөспірімдер денсаулығына зияны: Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіләлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге физикалық, психологиялық жағынан айрықша зиянды. Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды. Сондай-ақ, компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін
"Ұялы телефонды тиімді пайдалану" туралы оқушылармен әңгімелесу жұмысы
17
февраль
2022
"Ұялы телефонды тиімді пайдалану" туралы оқушылармен әңгімелесу жұмысы
2022 жылдың 17 ақпан күні 5-6 сынып оқушыларына ДТІЖО Д.Т. Нуркасымов пен мектеп педагог-психологі А.Е.Шарипканова "Ұялы телефонды тиімді пайдалану" туралы оқушыларға әңгімелесу жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Ұялы телефонды пайдалану туралы ой-пікірлерді білу, ұялы телефонның денсаулыққа әсерін түсіндіру. Баланың денсаулығына өз жауапкершілігі туралы ой салу, ұялы телефонмен сөйлесу әдебіне дағдыландыру. Ұялы телефонды оңтайлы пайдалануға тәрбиелеу.
Дүниежүзілік кітап сыйлау күні
17
февраль
2022
Дүниежүзілік кітап сыйлау күні
Дүниежүзілік кітап сыйлау күніне орай "Кітапханаға кітап сыйла" акциясына 2"в" сынып оқушылары да қатысып өз үлестерін қосуда. Ұйымдастырған ұстазы Аманкулова Айгуль Жаксылыкқызы мен оқушыларына алғысымыз шексіз!
"Балалардың жолдағы қауіпсіздігі"
16
февраль
2022
"Балалардың жолдағы қауіпсіздігі"
#семей2022жже 14-23 ақпан аралығында өтіп жатқан "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" жедел алдын - алу шаралары аясында 1-11 сынып оқушыларына біріңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің  белгілерімен жүре білуге үйрету.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
«Ата-аналар шеберлігі институты» аясында  ата-аналарға арналған  тренинг
16
февраль
2022
«Ата-аналар шеберлігі институты» аясында ата-аналарға арналған
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше. «№3 жалпы орта білім
" Кітапханаға кітап сыйла" акциясы
16
февраль
2022
" Кітапханаға кітап сыйла" акциясы
" Кітапханаға кітап сыйла" акциясына 3"а" сыныбының оқушылары да өз үлестерін қосты. Сынып жетекшісі Нұғымарова Гулмира Рахымжанқызы мен оқушыларына үлкен рахмет !!!
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее