Материалы за February 2020 года » Страница 4 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
Education Department of Semey district
Reception room:
+7 (7222) 54-12-92
Version for
visually impaired

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» Материалы за February 2020 года » Страница 4

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

«Мен және менің ортам» атты тақырыпта тренинг
14
февраль
2020
«Мен және менің ортам» атты тақырыпта тренинг
2020 жылдың 14 ақпан күні  10-сынып о қушыларына  адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну  үшін , өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу, сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу мақсатында, « Мен және менің ортам» атты тақырыпта тренинг жүргізілді.      
"Мектеп өмірінен бір күн" атты жалпы Республикалық жоба
13
февраль
2020
"Мектеп өмірінен бір күн" атты жалпы Республикалық жоба
«Мектеп өмірінен бір күн» атты жалпы Республикалық жоба аясында  ашық есік күні көрмесі өтті. Мектебіміздің 34 сыныбынан оқушы қамтылып,  әр сыныптан 6 ата – анадан қатысты. Барлық жиыны 204 ата – ана қатысты. «Жасыл мектеп» қоғамдық -экологиялық жобасының жұмыс барысынан көрмелер көрсетілді. Ата - аналарға  мектептің экоинициативалар, фитоөндіріс, гидропоника, волонтерлық қозғалыс, экотуризм бағыттарын қамтыған жұмыстар таныстырылды. Мектеп ата-аналарының арасында өткен «Эко үй» сайысының
«Эко үй» жобасы
12
февраль
2020
«Эко үй» жобасы
Мектеп ата-аналары арасында өткізілетін «Эко үй»  тұрмыс қалдықтарынан жасалған бұйымдармен үйді жабдықтау конкурс – көрмесі өтті.  Конкурс мақсаты: Қаржылық шығын шығарMay үйді жабдықтау; тұрмыс қалдықтарын кәдеге жарату; жарық пен суды үнемдеу арқылы отбасылық шығынын азайту; экологиялық мәдениетті қалыптастыру; оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге баулу.  Бұл конкурсқа 34  жанұя ат салысты. Нәтижесінде декоративті қолөнерге қатты тұрмыстық қалдықтардың көп саны жұмсалғаны анықталды.
"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" атты  5-6 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы
12
февраль
2020
"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" атты 5-6 сынып оқушылары
"Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндігі аясында 12 ақпанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" атты  5-6 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті.  Байқауға қатысушы оқушылар 3 кезең бойынша өнерлерін көрсетті. Ұлы ақын Абайдың өлеңдері жатқан оқу, пәндерін орындау, қарасөздерін мәнерлеп оқу бағамы бойынша оқушылар белсенділік танытты.
"Адамгершілік- асыл қасиет" пікірсайыс
12
февраль
2020
"Адамгершілік- асыл қасиет" пікірсайыс
"Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндігі аясында 12 ақпанда 9-11 сыныптар арасында "Адамгершілік- асыл қасиет" адамгершілік, қайырымдылық туралы пікірсайыс өтті.
«ҮЗДІК ҰЛАНБАСЫ -2020» сайысы.
12
февраль
2020
«ҮЗДІК ҰЛАНБАСЫ -2020» сайысы.
ҚР Еріктілер жылы аясында «Жас Ұлан» ББЖҰ қала мектептерінің көшбасшыларының  мектепішілік өзін – өзі басқару «ҮЗДІК ҰЛАНБАСЫ -2020» сайысында «ШАБЫТТЫ ҰЛАНБАСЫ» номинациясымен 10 «Б» сынып оқушысы Шаяхметов Алмас марапатталды.
«Біз біргеміз – берік іргеміз» атты мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг
11
февраль
2020
«Біз біргеміз – берік іргеміз» атты мұғалімдерге арналған
       2020 жылды ң ақпанның  11  күні жас мамандар мен сынып жетекшілерге  «Біз біргеміз – берік іргеміз»  атты   мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг  өтті.  Мақсаты:  мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, өзін-өзі тану және құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. 
«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты тақырыпта тренинг
11
февраль
2020
«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты тақырыпта тренинг
А қпан айының 11-і күні мектебімізде ұстаздарымызға арналған «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты тақырыпта тренинг жүргізілді. Мақсаты:  Teachersдің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.
«Тұлға аралық қарым-қатынас» атты тренинг
11
февраль
2020
«Тұлға аралық қарым-қатынас» атты тренинг
2020 жылдың 11 ақпан күні 11-сынып оқушыларына  « Тұлға аралық қарым-қатынас » атты  тренинг жүргіз іл ді. Мақсаты : қарым-қатынас стратегиясын  және қоғамда өз-өзін ұстау мәнерін білу.
"Қоғамға қызмет ету" әлеуметтік жоба аясындағы семинар
11
февраль
2020
"Қоғамға қызмет ету" әлеуметтік жоба аясындағы семинар
НЗМ тәрбие жұмысы тәжірибесін жалпы орта білім беретін серіктес мектептеріне енгізу мақсатында қаламыздың №26,15,18  мектеп ұстаздары мен оқушылары арасында әлеуметтік жобалар: "1 күн ата-ана жұмысында", "10 күн ата-ана жұмысында", "Екі апта ауылда" тақырыбында семинар өткізілді.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее